Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Алматыда такси жүргізушісі 17 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді

Алматыда такси жүргізушісі 17 жастағы қызды зорлады деген күдікке ілінді
Фото: Наталья Селиверстова/РИА «Новости»

Бұл оқиға жайлы «НеМолчиKZ» қоры хабарлады. Қор өкілдері тағы да полицияның әрекетсіздігін сынға алды.

Айтуларынша, жоғалып табылған қызды құқық қорғаушылар бес сағат бойы тергеген. Полицейлер істі бір-біріне сілтеп жүріп, тек прокурор қоңырау шалғаннан кейін ғана шара қабылдаған. Алайда олар сараптама жүргізуден бас тартқан.

Тек кейін ғана сараптама өткізуге рұқсат берілген. Қордың дерегінше, түнде келген мемлекеттік адвокат қызды қорғаудан бас тартып, сараптаманы күтпестен кетіп қалған.

«Бұл іске Бас прокуратураның араласуын талап етеміз. Шұғыл сараптама жүргізіліп, күдікті қамауға алынуы тиіс. Ол такси жүргізушісі болып жұмыс істейді. Демек, оның көлігіне отырған әрбір алматылық қыздың қауіпсіздігіне қатер төніп тұр», – делінген «НеМолчиKZ» мәлімдемесінде.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.