"Изолятор сияқты": Қостанай облысында да жазғы лагерьден шу шықты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қызылордада қызметкердің аяғын шайнап кеткен аттракцион рұқсатсыз жұмыс істеген

Қызылордада қызметкердің аяғын шайнап кеткен аттракцион рұқсатсыз жұмыс істеген
фото: ашық дереккөз

Қызылорда қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі аттракциондар саябағында болған оқиғаға қатысты тың мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Осыдан екі апта бұрын "Арай" саябағындағы аттракционда қызметкердің аяғы қысылып, ауыр жарақат алған еді. Ведомствоның мәліметінше, саябақтағы аттракциондар ресми түрде тіркелмеген.

"Бөлімде тек қалалық мәдениет және демалыс саябағы мен Президент саябағында орналасқан аттракциондар ғана тіркелген. Қалғандары – жеке кәсіпкерлік нысандары. Сондықтан олардың иелері өздері өтініш беріп, аттракциондарды тіркеуі тиіс. Алайда "Арай" саябағы тарапынан аттракциондарды есепке қою туралы ешқандай өтініш түспеген", – деп мәлімдеді қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.

Сондай-ақ облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы мен қала әкімдігі өкілдері былтыр 21 мамыры мен 20 тамызында жаңадан орнатылған аттракциондар мен балалар ойын алаңдарын қолданыстағы стандарттарға сәйкес тіркеу қажеттігі туралы ескерту жасағанын атап өтті.

Алайда бұл талаптар орындалмағандықтан қайғылы жағдай болған. Оқиға салдарынан қызметкердің аяқтарын аттракцион механизмі қысып қалып, дәрігерлер оларды ампутациялауға мәжбүр болған.

Қазір еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына қатысты тергеу жалғасып жатыр. Тергеу аяқталғанға дейін саябақтағы аттракциондар аймағы жабық болады.

Еске салайық, аттракцион жігіттің аяғын "шайнап" кеткені туралы жазған едік. Көпсалалы облыстық аурухананың мәліметінше, оқиға салдарынан 19 жастағы жігіт екі аяғынан айырылған. Алдын ала мәлімет бойынша, зардап шеккен қызметкер саябақта оператор болып жұмыс істеген. Ол америкалық ойын құрылғысында отырған бүлдіршінге көмектесуге барған екен. Сол сәтте қосулы тұрған аттракцион жүріп кеткен. Қазір осы оқиғаның жай-жапсарын полиция анықтап жатыр.

“18 жастағы қызметкер америкалық ойын құрылғысында жылап отырған бүлдіршінді жұбатпақ болған. Осылайша, басын бәйгеге тіккен”, – дейді куәгерлер.

Парк басшыларының айтуынша, оператор жас жігіт мына құрылғылар жұмыс істеп тұрған сәтте қауіпті аумаққа түскен. Сол кезде мына вагон жігіттің аяқтарын жаншып тастаған.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.