Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қызылордада өрттен зардап шеккен көпбалалы отбасы баспаналы болды

Қызылордада өрттен зардап шеккен көпбалалы отбасы баспаналы болды

Алғыс айту күнінде өрттен зардап шеккен қызылордалық Текебаевтар отбасы баспаналы болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жаңа қонысқа арнайы барды. Отбасыға 1 айға жететін азық-түлік және мектеп құралдары берілді. 6 бөлмелі жаңа үй демеушілердің ақшасына алынған.

Еске сала кетсек, Текебаевтар тұрған жалдамалы үй 18 ақпан күні өртеніп кетіп, бесіктегі сәби көз жұмған болатын. Ал анасы отпен арпалысып, денесін күйік шалса да, 4 қызын құтқарып қалған. Қазір ауруханадан шықты.

«Үйімізде болған жағдайды естіп, бәрі жұмылды. Осындай шаңыраққа аз уақытта кіремін деп ойлаған жоқпын. Халық болып көмектесті. Сол кісілерге мың алғыс», - деді қала тұрғыны Төрехан Текебаев.

Автор
Нұрсұлтан