“Байдың балаларын қорғаштайды”: Депутат ішкі істер оргаодарына “тазарту” жүргізуді ұсынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қызылордада өрттен ер кісі мен бала қайтыс болды

Қызылордада өрттен ер кісі мен бала қайтыс болды

Қызылорда облысында орын алған өрт салдарынан 55 жастағы ер кісі мен 2 жастағы бала көз жұмды.

Аталмыш оқиға Қазалы ауданы Жанкент елді мекенінде бүгін орын алған. Елді мекен ең жақын өрт сөндіру бөлімінен 32 шақырым қашықтықта орын тепкен.

«21 желтоқсанда өрт сөндіру қызметіне Қазалы ауданы Жанкент елді мекеніндегі барак типтес жеке үйдегі пәтердің бірі өртеніп жатқаны жөнінде хабар келіп түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 8 маманы мен Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіруге арнайы мамандандырылған 2 техникасы дереу аттанды», - деп жазылған хабарламада.

Өрт сөндіру қызметі мамандары оқиға орнына жеткенше тұрғын үйдің шатыры толықтай жарамсыз күйге түскен. Жергілікті тұрғындар өз күштерімен 4 баланы құтқарған. Өрт 15.01-де толықтай сөндірілді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Автор
Арман