Біржан Хасанғалиев жаңа қызметке тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қызылордада мұнай өңдеу кәсіпорнында ірі өрт шықты

Қызылордада мұнай өңдеу кәсіпорнында ірі өрт шықты

Қызылордада Шоқай көшесінде орналасқан мұнай өңдеу кәсіпорнының аумағында ірі өрт болды, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Өрт кезінде әрқайсысы 60 тоннадан мұнай өнімдерін сақтайтын екі резервуар отқа оранған. Алғашқы өрт сөндіру бөлімдері жеткен кезде екі ыдыс та ашық жалынмен жанып жатқан. Жақын маңдағы тағы үш резервуарға да оттың таралу қаупі болған.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігінің күштерімен қатар қалалық қызметтер мен өрт сөндіру пойызы жұмылдырылды. Оқиға орнында жедел штаб құрылып, жалынның көршілес резервуарларға таралмауы үшін оларды лафеттік оқпандар арқылы салқындату жұмыстары жүргізілген. Өртті сөндіру кезінде көбік қолданылды.

Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, мамандардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында өрттің таралуына жол берілмей, маңайдағы үш резервуар сақталған.

Өрт 200 шаршы метр аумақта толықтай сөндірілді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.