Электр энергиясы қымбаттайды: Алматы мен облыс тұрғындары неге алаңдайды?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қызылордадағы мұнай өңдеу зауытының екі резервуарында өрт шықты

Қызылордадағы мұнай өңдеу зауытының екі резервуарында өрт шықты
фото: ашық дереккөз

Қызылордадағы мұнай өңдеу зауытында өрт шықты. Онда әрқайсысының сыйымдылығы 60 тонна болатын мұнай өнімдері сақталған екі резервуар өртенген, деп хабарлайды kznews.kz.

Қызылордада ТЖД қызметкерлері мұнай өңдеу зауытындағы өртті сөндіріп, жанындағы үш резервуарды сақтап қалды.

“Қызылорда қаласының Шоқай көшесінде орналасқан шағын тоннажды мұнай өңдеу зауыттарының бірінің аумағында әрқайсысының сыйымдылығы 60 тонна болатын екі резервуар өртенді. Оларда жалпы көлемі 120 тонна мұнай өнімі болған. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде резервуарлар ашық жалынмен жанып жатқан. Өрттің жанында орналасқан тағы үш резервуарға таралу қаупі туындады”, – деп хабарлады өңірлік төтенше жағдайлар департаменті.

Өртті сөндіруге ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да қызметтердің күштері мен құралдары жұмылдырылды.

200 шаршы метр аумақты шарпыған өрт толық сөндірілді.

Өрттің шығу себебі анықталуда. Зерттеу жүргізу үшін өрт сынақ зертханасы тағайындалды.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.