KZNews.kz
Аймақ

Қызылорда облысында жасөспірім мүгедектігі бар баланы азаптаған

Азамат Қойшығара
Видеодан алынған скрин

Telegram әлеуметтік желісінде Қызылорда облысында жасөспірімнің мүмкіндігі шектеулі баланы азаптап, аяғын күйдіргені туралы жазба жарияланды.

Қоғамдық резонанс тудырған жазбаға байланысты жағдайды Қызылорда облыстық полиция департаменті түсіндірді.

- Бұзақылық дерегі бойынша полиция тарапынан қылмыстық іс қозғалды. Күдікті – кәмелетке толмаған бала ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деді департамент бастығы Серік Ергешов.

Ведомство басшысы қылмыстық істің тергелу барысын ерекше бақылауға алғанын мәлімдеді.

Азамат Қойшығара
Автордың басқа материалдары