Ақтөбе облысында алькоголден бас тартқан ауылдар саны 40-қа жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Достарымен бәстескен»: Қостанай облысында жасөспірім жартастан секіріп, суға батып кетті

«Достарымен бәстескен»: Қостанай облысында жасөспірім жартастан секіріп, суға батып кетті
фото: ашық дереккөз

Қостанай облысының Лисаковск қаласында жасөспірім суға батып көз жұмды. Марқұмның денесін Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері судан алып шыққан, деп хабарлайды kznews.kz.

Қайғылы оқиға туралы ақпарат жергілікті Instagram-парақшалардың бірінде жарияланды. Куәгерлердің айтуынша, Лисаковскідегі «Скалка» аумағында, кәмелетке толмаған бала жасөспірімдер суға жиі секіретін жартастан секірген. 

«Жасөспірім жүзе алмайды дейді. Алдын ала мәлімет бойынша, ол достарымен бәстесіп суға секірген», – делінген жазбада.

Қостанай облыстық ТЖД мәліметінше, іздестіру жұмыстары кезінде Лисаковск қаласындағы Тобыл өзенінен 2011 жылы туған жасөспірімнің денесі табылған. Құтқарушылар оның мәйітін судан алып шықты. 

«Жасөспірім шомылуға арналмаған жерде суға түсу кезінде батып кеткен. Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды тек рұқсат етілген және арнайы жабдықталған орындарда ғана шомылуға шақырады. Сондай-ақ балаларды қараусыз қалдырмауды ескертеді», – деп мәлімдеді ведомство.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.