Қоғам

Алматы облысында 7-сынып қызын зорлаған 7 жасөспірім ұсталды

Алматы облысында 7-сынып қызын зорлаған 7 жасөспірім ұсталды
Фото: ашық дереккөз

«Қазіргі таңда жеті кәмелетке толмаған бала анықталды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Өңірлік бала құқықтары жөніндегі уәкіл мен психологиялық қолдау орталығының мамандары дүйсенбіден бастап оқиға орнында жұмыс істеп, зардап шеккен бала мен оның отбасына көмек көрсетіп жатыр», – деді Зәкиева.

Еске салайық, бұған дейін Алматы облысы, Жамбыл ауданында бірнеше мектеп оқушысы жетінші сынып оқушысына азғындық әрекет жасады деген ақпарат тараған болатын.

Алдын ала мәліметке сүйенсек, жағдай оқу ордасында немесе мектеп маңында болған. Оқиға туралы ең алғаш мектеп директоры біліп, дереу құқық қорғау органдарына хабар берген.

Қазір бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 122-бабы (“Жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттер”) бойынша іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалған. Тәртіп сақшылары мен психологтар жеткіншектердің жағдайын бақылауда ұстап отыр.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл қоғамды асығыс қорытынды жасамауға шақырып, басты назар зардап шеккен баланың қауіпсіздігі мен психологиялық қалпына келуіне бағытталуы тиіс екенін атап өтті.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz