«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандардың саны күн санап өсуде - Қазақстан жаңалықтары

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандардың саны күн санап өсуде - Қазақстан жаңалықтары

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандардың саны күн санап артуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бүгін індет жұқтырғандардың бесеуі - Шиелі ауданында, біреуі - Сырдария ауданында және бір науқас Қызылорда қаласында анықталып отыр.

"Шиелідегі 5 адамнан және Сырдариядағы 1 адамнан коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты, ал Қызылорда қаласында анықталып отырған 1 адамнан ЖРВИ симптомдарына шағымдануына байланысты зертханалық сынамалар алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды", - делінген ресми хабарламада.

Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қазір облыста ауру жұқтырған 92 науқас тіркеліпті. 


stan.kz
Автор
Әлихан