"Алғашқы трофей" – Футболдан Қазақстан құрамасы Африкадан келген екі елді жеңді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған екі адам ауруханаға жатудан бас тартқан - Қазақстан жаңалықтары

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған екі адам ауруханаға жатудан бас тартқан - Қазақстан жаңалықтары

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған екі азамат ауруханаға жатуда бас тартып, дәрігерлердің жұмысына кедергі келтіруде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов мәлімдеді.

«Сырдария ауданындағы 2 науқас өздеріне қойылған диагнозға қарсылық танытқан оқиға кездесті. Мұндай жағдай жұмысымызға кедергі келтіреді. Біз тұрғындарды түсіністік танытуға шақырамыз», – деді Абдусаметов.

Бұған қоса ол Арал ауданында анықталған коронавирусқа шалдыққан бір науқастың «Нұр-Сұлтан – Қызылорда» бағытындағы пойызда жолсерік болғандығын атап кетті. Жолсерік Түркістан облысында індетті жұқтырған науқас отырған пойыздың қызметкері екен.
 


stan.kz
Автор
Еркебұлан