Қызылорда облысына әкім болып Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев тағайындалды, деп хабарлайды kznews.kz. Бұл туралы Жарлық Мемлекет басшысының ресми сайтында жарияланды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Мұрат Нәлқожаұлы Ергешбаев Қызылорда облысының әкімі лауазымына тағайындалды" деп жазылған Жарлықта.
Мұрат Ергешбаев кім?
Мұрат Ергешбаев 1966 жылғы 12 сәуірде Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Еңбек жолын совхозда экономист болып бастаған, кейін Қызылорда облысының қаржы құрылымдарында қызмет атқарған. Облыстың еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқармаларында, сондай-ақ қаржы саласында басшылық қызметтерде болған.
2008–2010 жылдары Қызылорда қаласының әкімі, 2011–2013 жылдары Қармақшы ауданының әкімі, 2013–2015 жылдары Шиелі ауданының әкімі, 2017–2021 жылдары Қазалы ауданының әкімі, сондай-ақ 2021–2023 жылдары Сырдария ауданының әкімі қызметтерін атқарған.
2023 жылғы 28 наурыздан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті VIII сайланымының Мәжіліс депутаты.