«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қызылорда әкімдігі 100 теміржолшының жұмыстан босатылуына қатысты пікір білдірді

Қызылорда әкімдігі 100 теміржолшының жұмыстан босатылуына қатысты пікір білдірді

Қызылорда облысының әкімдігі басшылықтан жалақыны көтеруді талап еткен вагон депосының 100-ге жуық қызметкерінің жұмыссыз қалуына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Осы мәселе бойынша кәсіпорынның мәжіліс залында қызметкерлермен кездесу өткені туралы редакцияға ресми жауап жолданды.

"Оған облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетов, көлік прокуроры Еркебұлан Лесбеков, облыстың бас мемлекеттік еңбек инспекторы Ғанижан Қалиев және "АГМ-Табыс" ЖШС Бас директорының кеңесшісі Олеся Имашева қатысты. Имашеваның айтуынша, кәсіпорын қызметкерлерінің жалақысы 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап 15-тен 60 пайызға дейін көтерілген. Алайда, жұмыскерлер арасында ақша бөлініп түсуіне қатысты түсініспеушіліктер болған", - делінген әкімдіктің жауабында.

Облыс әкімінің орынбасары Мархабат Жайымбетовтың ұсынысы бойынша 16 ақпанда сағат 09:00-ден бастап Олеся Имашева мемлекеттік еңбек инспекторларының қатысуымен (Жұмыс берушінің және қызметкерлердің келісімімен) алынған жалақыға қатысты толық ақпарат беру үшін шағымдары бар барлық қызметкерлерді жеке өзі қабылдайды.
"Еңбек заңнамасы бұзылғандығы анықталған жағдайда тиісті шаралар қабылданады (өтініштер түскен жағдайда)", - деп атап өтті әкімдік.
Автор
Еркебұлан