Астанада стоматологияда 20 жастағы жігіт көз жұмды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Айарудың ұзату тойына кигізсем”: Баян Алагөзова “Қыз Жібектің” қамзолы туралы

“Айарудың ұзату тойына кигізсем”: Баян Алагөзова “Қыз Жібектің” қамзолы туралы
Коллаж: stan.kz

Белгілі продюсер Баян Алагөзова «Қыз Жібек» фильміндегі аңызға айналған камзолға қатысты дауға пікір білдіріп, оның болашағына қатысты жоспарын ашық айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Көптеген арудың арманына айналған бұл тарихи жәдігерді продюсер бірден музейге өткізуді көздемейтінін жеткізді. Оның айтуынша, камзол алдымен отбасылық маңызды шарада қолданылмақ.

Алагөзова бұл киімді кенже қызы Айару Алагөзованың ұзату тойында кигізуді жоспарлап отырғанын айтты. Тек осыдан кейін ғана жәдігерді музейге ресми түрде табыстауды көздеп отыр.

Продюсер бұл шешімін дәстүр сабақтастығы мен ұлттық құндылықтарды дәріптеудің бір көрінісі ретінде бағалайды.

Қазіргі таңда бұл мәлімдеме әлеуметтік желіде қызу талқыланып, қолданушылар камзолдың алдағы тағдырына қатысты әртүрлі пікір білдіруде.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.