Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қытаймен визасыз режим керек емес: «Халық парламенті» тағы кеңесті

Қытаймен визасыз режим керек емес: «Халық парламенті» тағы кеңесті

Сәуірдің 29-ы күні Алматыда «Халық парламенті» деп аталатын партияның екінші сессиясы өтті. Бұл туралы Ulysmedia.kz хабарлайды



Жергілікті БАҚ күн тәртібінде екі мәселе қаралғанын сәлімдеді. Оның алғашқысы Қытаймен визасыз режим енгізуге қарсылық болса, екіншісі – парламенттік сайлау нәтижелерін жарамсыз деп тану.


Жиынға қатысушылардың қатарында қоғам қайраткері Әлнұр Ілияшев, белгілі журналист Рысбек Сәрсенбай, заңгер Жарқынбек Күрентаев, белсенді Жазира Әсенқызы және т.б. бар.

Кездесуге Қазақстанның әр өңірінен, соның ішінде Шымкент, Алматы және Жетісу облыстарынан белсенді азаматтар жиналғаны атап өтілді.

Еске салайық, сәуірдің 1-і күні ресми мәлімет бойынша сайлауда жеңіліп қалған Мәжіліс пен мәслихат депутаттығына бұрынғы үміткерлер мен белсенділер «Халық парламентін» ұйымдастырды. 9 наурызда олар Алматыда митинг өткізді. Жиналғандар сайлау нәтижелерін жоюды, сондай-ақ сайлау комиссиясының құрамын таратуды талап етті.


Автор
Еркебұлан