KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қытайлық миллиардер 12 сағаттан 6 күндік жұмысты қызметкерлері үшін зор мүмкіндік деп атады - Қазақстан жаңалықтары

Санжар

Alibaba Group негізін қалаушысы Джек Ма жұмысты қолмен жасағанды жөн санайды. Ал, 12 сағаттан 6 күндік жұмысты жұмысшыларына берген батасы деп есептейді.

"Менің жеке ойым, алты күн таңғы 9-дан, кешкі 9-ға дейін жұмыс істеу - бұл үлкен мүмкіндік. Көптеген компанияларда мұндай мүмкіндік жоқ. Жас кезіңізде осылай жұмыс істемесеңіз, қашан жұмыс істейсіз? Қашан мүмкіндік болады?", - деді ол. 

Оның айтуынша, тек осындай еңбекпен табысқа жетуге болады. Жұмысшыларының алғашқы жылдары бәрін қолмен жасағанын айтты. Технология дамыған заманда көп адам жұмыссыз жүр немесе қысқартуға ұшырап жатыр. Оның қасында 6 күндік жұмыс - нағыз мүмкіндік. 

"Мен өзімді жолы болғыш адам санаймын. Мен осындай жұмыс кестесін ешқашан өзгертпес едім", - дейді Джек Ма.

Наурыз айының ортасында қытайлық шенеуніктер Пекин тұрғындарының жұмыс уақыты орташа есеппен бір сағатқа өскенін айтты. Бәсеке нарығы дамыған сайын жұмыскерлердің де жұмыс уақыты артып барады. 


stan.kz
Санжар
Автордың басқа материалдары