"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қытайда тұтқындалған қазақстандық студент қыз биыл оқуын бітіруі керек болған - Қазақстан жаңалықтары

Қытайда тұтқындалған қазақстандық студент қыз биыл оқуын бітіруі керек болған - Қазақстан жаңалықтары
[ad_1]

Қытайда тұтқындалған қазақстандық Юлия Ходева биыл оқуын тәмамдауы керек болған. Бұл туралы ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтеме жасап Stan.kz

Ведомствоның ресми өкілінің сөзінше, Юлия Ходеваның Қытай аумағында жүргеніне 6 жыл болған. 

«Оқуын бітіруі керек еді. Өкінішке орай, ол консулдық есепте тұрмаған. Біздің консулдық жұмыскерлер оның сол жақта оқып жатқанын білмеген. Шетелде жүрген және оқып жатқан біздің студенттердің барлығыға консулдық есепке тұруға кеңес береміз», - дейді Смадияров.

Өз сөзінде Смадияров бүгінде қыз ата-анасы жалдаған қорғаушымен кездескен. 

«Қазіргі таңда Қытай азаматы оның адвокаты ретінде жалданып, әке-шешесімен байланыс орнатылды. Біздің Шанхайдағы бас консулдық бұл мәселені бірінші күннен бастап бақылауына алды. Аптаның соңына дейін біздің консул уақытша оқшаулағышқа барып, Юлиямен кездесуді жоспарлап отыр», - дейді ресми өкіл.

Еске сала кетсек, Қытайда қазақстандық студент қыз тұтқындалған еді. Ол есірткі сатумен айналысты деген айып тағылып отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз


stan.kz
Автор
Жандос