Шоу-бизнес

Қытайда апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтар болмаған

KZNEWS KZNEWS
Қытайда апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтар болмаған

Мәліметтер бойынша, Қытайдың оңтүстігінде апатқа ұшыраған ұшақ жолаушылары арасында қазақстандықтар болған жоқ, - деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ жолаушылары арасында біздің азаматтар жоқ", - делі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі өкілі.

China Eastern Airlines компаниясының ұшағы 21 наурызда Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан аймағында апатқа ұшыраған еді. Бортта 132 адам болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жарияланбады.

Қытайдың орталық телеарнасы мәліметінше, іздестіру-құтқару тобы сейсенбі, 22 наурыз күні сағат 09:50-де  апат орнынан апатқа ұшыраған лайнердің сынықтарын тапқан.

"Алайда әзірге із-түзсіз жоғалғандар табылған жоқ", – дейді қызмет өкілдері ұшақ құлаған жерде жолаушылардың мәйіттерінің жоқтығы туралы.

Жолаушыларды іздеу жұмыстары жалғасуда. Таулы аймақ арқылы қозғалыс үлкен қиындықтар туғызып жатқаны анықталды.

(Фото және ақпарат stan.kz сайтынан алынды)

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz