Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қытай мен Қазақстан арасында жаңа жүк теміржол бағыты іске қосылды

Қытай мен Қазақстан арасында жаңа жүк теміржол бағыты іске қосылды

Биылғы жылғы 1 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласына Наньнин қаласының Гуанси-Чжуан автономиялық ауданының (ГЧАА) әкімшілік орталығынан пилоттық контейнерлік пойыз келді.

Жаңа қызмет «Бір белдеу - бір жол» қазақстандық – қытайлық бастаманы іске асыру шеңберінде ұйымдастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Контейнерлік пойыз 17 наурызда Наньнин халықаралық теміржол портынан жолға шығып, 5 мың шақырымнан астам жолды жүріп өтіп, ауыр құрылыс техника артылған 49 қырық футтық контейнерді жеткізді.

«KTZ Express» АҚ Қытайдағы өкілдігінің басшысы Нұрсұлу Жолбасқанованың айтуынша, жаңа логистикалық арна жүкті жеткізу уақытын 3 есе үнемдеуге мүмкіндік берді. Бұрын Құрылыс техникасы автомобиль көлігімен тасымалданатын. Жеткізу уақыты 45 күннен асатын.

Автор
Еркебұлан