«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қытай коронавирус таратты деп АҚШ-ты айыптады - Қазақстан жаңалықтары

Қытай коронавирус таратты деп АҚШ-ты айыптады - Қазақстан жаңалықтары

Қытайдың сыртқы істер министрлігінің өкілі Чжао Лицзянь өзінің Twitter-дегі парақшасында америкалық әскери қызметшілер коронавирусты Ухань қаласына алып келуі мүмкін деп жазды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"АҚШ-та нөлдік науқас қашан пайда болды? Қанша адам жұқтырған? Ауруханалар қалай аталады? Мүмкін, АҚШ әскері індетті Уханьға әкелді. Ашық болыңыз! Өз деректеріңізді көрсетіңіздер! АҚШ бізге түсініктеме беруге тиіс!",- деді Чжао ағылшын тіліндегі жазбасында.

Осылайша Чжао Лицзянь АҚШ-та тұмаудан көз жұмған адамдарда өлгеннен кейін коронавирус табылғанын хабарлаған Аурулардың алдын алу және бақылау жөніндегі америкалық орталықтың басшысы Роберт Редфилдтің мәлімдемесіне түсініктеме берді.

Еске сала кетейік, Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавируспен ауыратын елдерден келетін және карантиннен бас тартатын азаматтарға ескерту жасап, оларды қылмыстық жауапкершілік күтетінін айтты.


stan.kz
Автор
Нұрсұлтан