Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қытайлар бір түнде 8 мың тонна асфальт төсеп, жолды қалпына келтірген

Қытайлар бір түнде 8 мың тонна асфальт төсеп, жолды қалпына келтірген
Фото: видеодан алынған скрин.

Қытай астанасында жол жөндеу жұмыстары рекордтық жылдамдықпен жүргізілді. Пекиндегі төртінші айналма жолдың солтүстік-батыс бөлігінде бар-жоғы алты сағат ішінде 2,4 шақырым жол төселіп, таңертең қозғалыс қалыпты режимде қайта ашылды.

Қалалық қызметтер бір түн ішінде 8 мың тонна асфальт жеткізіп, ескі қабатты алып тастап, жаңасын төсеп үлгерген. Мамандар бұл деңгейдегі жөндеу әдетте бірнеше аптаға созылатынын айтады. Алайда жолдың стратегиялық маңызы мен жолаушылар үшін ұзақ уақыт қозғалысты шектеудің мүмкін еместігі арнайы жедел операцияны қажет еткен.

Қытайдың әлеуметтік желілерінде бұл жұмыс «қаланың түнгі трансформациясы» және China Speed үлгісі ретінде талқыланып жатыр. Пекин билігі жобаның жылдамдығын алдын-ала жоспарлау, логистиканы дәл үйлестіру және техниканың жоғары өнімділігі қамтамасыз еткенін хабарлады.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер