Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлзира Бөкейхан дүниеден озды

Белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлзира Бөкейхан дүниеден озды
Фото: Ашық дереккөзі

Белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлзира Бөкейхан 57 жасында дүниеден озды. Суыт хабарды Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Қауымдастықтың хабарламасында марқұмның отбасы мен туған-туыстарына, жақындарына және күллі қазақ еліне көңіл айтылған. Сондай-ақ өнер иесінің бұл дүниеден өтуі «зор күйзеліспен қабылданғаны» атап өтілді. Қаралы мәлімдемеде Гүлзира Бөкейханның ұлт руханиятындағы орны бөлек екені айтылған.

Ресми мәліметке сүйенсек, ол Қытай елінен атажұртқа қоныс аударып, қазақтың ән әлеміне өзіндік өрнек әкелген өнер иесі болған. Шет жерде жүріп-ақ қасиетті ән мұрасын ұмыттырмай, елге оралған соң ұлттық мәдениетке сүбелі үлес қосқаны ерекше айтылады. Қытайда туып-өскен қазақтар арасынан алғашқылардың бірі болып көпшілікке танылып, өнер жұлдызына айналғаны да мәлімдемеде көрсетілген.

Қауымдастық өкілдері әншінің асқақ үні, сахнадағы дара болмысы мен елге деген шынайы сүйіспеншілігі халық жадында сақталатынын жеткізді. Сонымен бірге Гүлзира ханым ұйым өткізген талай игі бастамаға қолдау білдіріп, шетел сапарларында бірге жүріп, қазақ өнерін әлемге танытуға атсалысқаны айтылды. Жұртшылық та осындай талант иесінің қазасына байланысты әлеуметтік желіде көңіл айтып жатыр.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер