"Шетел агенті": депутат сырттан қаржыландыру тетігін қайта қарауды ұсынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қытайдағы роудшоу: Қазақстан 6,4 млрд долларлық келісімге қол жеткізді

Қытайдағы роудшоу: Қазақстан 6,4 млрд долларлық келісімге қол жеткізді
Фото: akorda.kz

Қытайда өткен Alatau City Roadshow аясында жалпы құны 6,4 миллиард доллар болатын 30 келісімге қол қойылды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев баяндады. Кездесуде Алатау қаласын дамыту, су шаруашылығы жобалары және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту мәселелері талқыланды, деп хабарлайды kznews.kz.

Кездесу барысында Президентке Қытай Халық Республикасында өткен Alatau City Roadshow халықаралық таныстырылымының қорытындылары таныстырылды.

Қанат Бозымбаевтың айтуынша, роудшоу аясында 20-дан астам іс-шара мен бірқатар маңызды кездесу ұйымдастырылған. Нәтижесінде жалпы сомасы 6,4 миллиард долларды құрайтын 30 келісім мен меморандумға қол қойылды.

Сапар барысында Алатау қаласының инвестициялық әлеуеті Шэньчжэнь қаласының мэрі Цинь Вэйчжунға, Гонконг арнайы әкімшілік ауданының басшысы Джон Лиге және халықаралық ірі компаниялардың жетекшілеріне таныстырылған.

Сондай-ақ вице-премьер Мемлекет басшысының Алматы облысына жұмыс сапары кезінде берген тапсырмаларын орындау жөніндегі жоспар туралы баяндады. Бұдан бөлек, су ресурстары саласындағы жобалардың жүзеге асырылу барысы, гидротехникалық нысандарды жаңғырту, жаңа су қоймалары мен каналдар салу жұмыстары жөнінде есеп берді.

Кездесуде «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» ұлттық жобасының орындалу мәселесі де қаралды. Биыл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын жаңартуға 1,1 триллион теңгеден астам қаржы бағытталмақ. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы салаға бөлінген ең ірі қаржы көлемі саналады.

Үкіметтің мәліметінше, жобаларды қаржыландыруға отандық және халықаралық қаржы институттары қатысады. Нәтижесінде алдағы үш жыл ішінде коммуналдық желілердің тозу деңгейін 40 пайызға дейін төмендету жоспарланып отыр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев энергетикалық және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту жобаларына отандық тауар өндірушілерді кеңінен тартудың маңызын атап өтті.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы еліміздің, әсіресе оңтүстік өңірлердегі вегетациялық кезеңнің өту барысын ерекше бақылауда ұстауды тапсырды.

Кездесу қорытындысында Президент Алатау қаласын дамытудың орнықты моделін қалыптастырудың, әлемдік капиталды тартудың және инновацияларды енгізуге қолайлы жағдай жасаудың стратегиялық маңызына тоқталды. Осыған байланысты Үкіметке қала инфрақұрылымын дамыту үшін қажетті қаржыландыруды қамтамасыз ету міндеті жүктелді.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.