Hurun Global Rich List агенттігі дүниежүзіндегі бай адамдардың есебін шығарып, олардың қай елдерде тұратынын анықтапты.
Зерттеу деректеріне сәйкес, 2026 жылы Қытай миллиардерлер саны бойынша АҚШ-ты басып озып, әлемде бірінші орынға шықты. Бұл жаһандық байлық құрылымындағы маңызды өзгерістің айқын көрінісін білдіреді.
Рейтинг мәліметіне қарасақ, бүгінде көрші Қытай Халық Республикасында 1110 миллиардер бар екен. Және олардың басым бөлігі соңғы он жылда пайда болған жаңа бизнес-элита өкілдері болып отыр. Агенттік сарапшылары мұны технология, өнеркәсіп және цифрлық экономиканың қарқынды дамуымен байланыстырады. Есепке сәйкес, қытайлық миллиардерлердің шамамен 75 пайызы он жыл бұрын бұл тізімде болмаған көрінеді
Ал тізімдегі Еюекінші орынға түскен Америка Құрама Штаттарында 1000 миллиардер тіркелген. Дегенмен, бұл ел әлемдік қаржы жүйесінің басты орталықтарының бірі болып қала береді. Мұнда негізгі капитал нарықтары мен ірі технологиялық компаниялар шоғырланған.
Үшінші орында Үндістан Республикасы тұр. Бұл елде 308 миллиардер бар. Байлықтың өсімі ішкі нарықтың кеңеюі, технологиялық сектордың дамуы және өндірістік әлеуеттің артуымен түсіндіріледі.
Енді кәрі құрлықтағы жағдайға келейік. Еуропадағы байлары көп көшбасшы ел Германия екен. Мұнда 171 миллиардер бар. Одан кейін Ұлыбритания, 150 миллиардермен және Швейцария конфедерациясы 114 бай адамымен мақтана алады. Мұндағы Швейцария халық санының аз болғанына қарамастан байлықтың жоғары концентрациясымен ерекшеленеді екен.
Сарапшылардың пікірінше, бұл үрдіс жаһандық байлықтың географиялық ауысуын көрсетеді. Қытай мен жалпы Азия елдерінің алға шығуы әлемдік экономиканың жаңа құрылымын қалыптастырып отыр.