KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

“Қысым көрсетеді, тыныштық бермейді”: Қайрат Сатыбалдының тоқалы көмек сұрады

• Айжан Сыланова
Фото: sputnik.kz

Асылжан Есенқызы әлеуметтік желіде өзіне көрсетілген қысым туралы жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
 

Оның айтуынша, Қайрат Сатыбалдымен бірге тұрған кезінде де, ажырасқаннан кейін де оның өзге әйелдері мен олардың айналасындағы адамдар тарапынан түрлі қысымға ұшыраған.

Асылжан Есенқызы бұл әрекеттердің себебін сұрағанымен, нақты жауап алмағанын айтты. Кейін оған Қайрат Сатыбалдының балаларына жеткілікті көңіл бөлмейтіні себеп ретінде айтылған, алайда ол бұл пікірмен келіспейтінін жеткізді.

Сондай-ақ ол ажырасқаннан кейін жағдай өзгереді деп ойлағанымен, өзіне қатысты жағымсыз әрекеттер тоқтамағанын мәлімдеді.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →