KZNews.kz
Білім

Қыс туралы өлең балабақшадағы ашық сабақтар

Жандос

Күні:               Пәні:Көркем әдебиет
Тақырыбы: Қыс туралы өлең
Мақсаты:      1. Балаларды қыс қызығын тамашалауға,табиғат көрінісін сипаттап,балалардың көңілдендіретін қыстың қызықтарын айту.
2.балалардың шығармашылық ойлау қабілетін , сөздік қорын көбейту,ауызекі сөйлеулерін  дамыту.
3. Туған жердің табиғатын сүюге,адамгершілікке,отанға деген сүйіспеншілігін арттырып тәрбиелеу
Көрнекілігі: Қыс мезгілі туралы суреттер
Әдіс-тәсілі:Сөздік,әңгіме
Сабақтың түрі:Жаңа сабақ
 Меңгерілетін сөздер: ұлпа,мамық,үлпілдек,жұмсақ,қолды қарып,жылтылдап шағылысып,ақ күміс,ақ мата
Сабақ барысы:  I Ұйымдастыру кезеңі
Балаларды түгендеп,құрал-жабдықтарын алғызып,сабаққа назарын аудару.
IV Мақсат қою
-Қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыстың басқа мезгілдерден айырмашылығы неде?
-Қыстап қалған құстарға қйтып көмектесеміз?
-Бүгін қыс туралы өлең жаттаймыз.
V Жаңа сабақ 
Атамның алып күрегін
Ауланың қарын күредім
Әжеме мен құдықтан
Су әкеліп беремін,
Еденді де жуамын,
Шаң- тозаңды қуамын
Өлеңнің мазмұнын ашатын сұрақ-жауап алу:
-Атаға қалай көмектеседі?
-Әжеге не әкеп береміз?
-Үйді қалай жинау керек?
Сурет бойынша жұмыс:
-Қыста қандай мерекелер болады?
-Қандай ойындар  ойнаймыз?
 
Сергіту сәті:Боран соғар оң жақтан
                     Боран соғар сол жақтан
                     Қар лақтырып ойнасақ,
                     Су өтер қолғаптан 
VI Бекіту
Жұмбақ шешу
Қыста ғана болады
Ұстасаң қолың тоңады   ( Қар)
Көсеуді бесеуге тықтым   (Қолғап)
VII Қорыту
-Қандай тақырыппен таныстық?
-Қыста қардан не жасауға болады?

VIII Бағалау  Сабаққа жақсы қатысқан баланы мадақтау.

Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Жандос
Журналист
Автордың басқа материалдары →