KZNEWS.KZ
Білім

«Қыркүйек» пе, әлде «қыргүйек» деп жазамыз ба? - Министр жауап берді

• Айжан Сыланова
Фото: видеодан скриншот

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова соңғы күндері әлеуметтік желіде қызу талқыланған «қыркүйек» және «қыргүйек» сөздерінің қайсысы дұрыс екеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Үкімет отырысында министрден қыркүйек айының атауын қай нұсқада жазу керектігі сұралды. Сүлейменованың айтуынша, бұл мәселе Оқу-ағарту министрлігінің құзыретіне кірмейді. Дегенмен өзі әлеуметтік желідегі талқылауға қызығушылық танытып, тіл мамандарының еңбектеріне жүгінген.

«Бұл сұрақ өзімді де қызықтырды. Ғалымдарымыздың, Рәбиға Сыздықтың ғылыми зерттеулеріне жүгінуіме тура келді. Мен өзім “қыркүйек” деп жазамын. Бізді солай оқытқан», – деді министр.

Сүлейменованың мәліметінше, 1980 және 2000 жылдар аралығындағы зерттеулерде «қыркүйек» нұсқасының қолданысы 93 пайызға жеткен.

Сонымен қатар министр екі нұсқаның бірін қолданған адамды қателесті деуге болмайтынын айтты. Оның пікірінше, бұл мәселеге тіл мамандары нақты ғылыми тұжырым жасауы қажет.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →