Біржан Хасанғалиев жаңа қызметке тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жоғары сыныптарда БЖБ мен ТЖБ қашан тоқтатылады - министр жауап берді

Жоғары сыныптарда БЖБ мен ТЖБ қашан тоқтатылады - министр жауап берді
Ашық дереккөз

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова журналистерге берген жауабында оқушылардың білімін бағалаудың тиімді тәсілдерін іздеу жұмыстары жалғасатынын айтты. Министрдің сөзінше, алдағы жылдары жоғары сынып оқушылары үшін жиынтық бағалаудың кейбір түрлерінен, соның ішінде БЖБ мен ТЖБ-тан бас тарту мәселесі қарастырылуы мүмкін, деп хабарлайды kznews.kz.

Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында журналистер Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменовадан оқушылардың білімін бағалау жүйесіне қатысты жоспарды сұрады.

Журналистердің айтуынша, әр бөлімнен кейін және тоқсан соңында өткізілетін бағалау әдісін бастауыш сынып оқушыларының ата-аналары ғана емес, басқа сыныптардың ата-аналары да объективті емес деп санайды. Қазіргі оқу жылынан бастап БЖБ мен ТЖБ тек бастауыш сыныптарда тоқтатылды.

«Біз қазір қалыптастырушы бағалаудың рөлін арттырып жатырмыз. Бұл кезде оқушы күн сайын сабаққа келіп, күнделікті жауап береді. ТЖБ тоқсандық бағалау түрі ретінде өткізілмейді», – деп сендірді Жұлдыз Сүлейменова.

Министр БЖБ мен ТЖБ-ны жоғары сыныптарда да кезең-кезеңімен тоқтату жоспарланып отырғанын айтты.

«Қазір Ыбырай Алтынсарин атындағы Академияда бағалау департаменті құрылды. Олар мұғалімдерге оқушыларды қалай бағалау керектігі, бағалау критерийлері қандай болатыны және марк-схема туралы үлкен аналитикалық материал дайындап жатыр. Бастауыш сыныптар үшін бұл дайындықты біз қазірдің өзінде жасадық. 5–9 сыныптарда ТЖБ-ны тоқтату үшін де осындай талдау жүргізіп, тиісті дайындық жасауымыз қажет. Сондықтан әдістемелік тұрғыдан дайын болғаннан кейін, келесі оқу жылынан бастап кезең-кезеңімен тоқтатамыз деп ойлаймыз», – деп уәде берді министр.

Қай сыныптарда қашан тоқтатылады?

Министрдің айтуынша, ТЖБ-ны 2027–2028 оқу жылдарында 5–9 сыныптарда тоқтату жоспарланып отыр. Ал 2028 жылдан кейін бұл жүйеден 10–11 сыныптарда да бас тарту көзделген.

БЖБ мен ТЖБ орнына не келеді?

Қазақстанда бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ-дан бас тарту мәселесі бұған дейін де көтерілген. 2026 жылғы тамызда «Ашық НҚА» порталында осы өзгерістерге қатысты қорытынды бұйрық жарияланған. Құжатта БЖБ мен ТЖБ орнына қалыптастырушы бағалауды, сондай-ақ тақырыптық және қорытынды бақылауды қолдану ұсынылған.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі