KZNews.kz
Шоу-бизнес

Қырғызстанға "заңсыз өтпек болған" үш қазақстандық ұсталды

KZNEWS

Қырғызстанның Шу облысында 12 сәуірде мемлекеттік шекарадан заңсыз өтпек болған үш Қазақстан азаматы ұсталған. Бұл туралы Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне сілтеме жасап, Азаттықтың қырғыз қызметі хабарлады.

Комитет дерегінше, үш азамат тексеру-өткізу пунктінен тыс аумақтан кіріп кетпек болған. Олар сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін қауіпсіздік комитетінің органдарына берілген.


Azattyq
KZNEWS
Автордың басқа материалдары