1 қыркүйекте мектепте мұғалімдерге гүл сыйлауға тыйым салынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

«Маған бірдеңе болса, енем кінәлі»: Тағы да тұрмыс құрғанына екі ай болған келіншек көз жұмды

«Маған бірдеңе болса, енем кінәлі»: Тағы да тұрмыс құрғанына екі ай болған келіншек көз жұмды
Фото: әлеуметтік желі

Тұрмыс құрғанына небәрі екі ай болған Асиманың қазасы жақындарын алаңдатып отыр. Марқұмның артында «Маған бірдеңе болса, енем кінәлі» деген мазмұнда хат қалдырғаны айтылып, туыстары оқиғаның мән-жайын жан-жақты тексеруді талап етуде, деп хабарлайды kznews.kz.

Марқұмның жақындары бұл сөздерге байланысты бірқатар сұрақтың жауабы тергеу барысында анықталуы тиіс деп санайды. Олардың айтуынша, Асиманы мұндай қадамға не итермелегені, оған қандай да бір қысым көрсетілген-көрсетілмегені және хатта жазылған жайттардың шындыққа қаншалықты сәйкес келетіні зерттелуі керек.

«Асиманы бұл қадамға не итермеледі? Қандай жағдайлар болды? Оған қысым көрсетілді ме? Хатта айтылған жайттардың шындығы қандай?» – дейді туыстары.

Сонымен бірге марқұмның жақындары нақты дәлелдерсіз ешкімді кінәлі деп жариялауға болмайтынын атап өтті. Дегенмен Асиманың соңғы жазбасы тергеу барысында назарға алынып, онда көрсетілген мәліметтерге тиісті құқықтық баға берілуі қажет деп есептейді.

Қазір туыстары істің барлық мән-жайы толық әрі әділ зерттеліп, марқұмның өліміне себеп болған жағдайларға нақты жауап берілгенін қалайды.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.