KZNews.kz
Әлем

Қырғызстан Президентімен фото жариялаған блогер жауапқа тартылды

Ayzhan Sylanova
Фото: ЖИ-мен жасалған, instagram.com/@akuma.zlo7

Қырғызстанда блогер жасанды интеллект көмегімен жасалған контент үшін жауапқа тартылды. Бұл туралы ел астанасы Бішкекте тіркелген оқиға қоғамда кең талқылануда, деп хабарлайды kznews.kz.

Әлеуметтік желі қолданушысы жасанды интеллект арқылы өзін Қырғызстан президентімен бірге түскендей етіп бейнелеген суретті жариялаған. Аталған материал желіде таралғаннан кейін құқық қорғау органдары бұл іске назар аударып, сотқа дейінгі тексеру жүргізген.

Нәтижесінде сот аталған суретті қоғамды жаңылыстыруы мүмкін және мемлекет басшысының беделіне нұқсан келтіреді деп танып, блогерге әкімшілік айыппұл салу туралы шешім шығарды.

Мамандардың пікірінше, жасанды интеллект арқылы жасалған мұндай контент жалған ақпарат ретінде қабылданып, клевета немесе мазақ ету белгілерін қамтуы мүмкін. Осыған байланысты іс әзіл немесе креативті контент аясынан шығып, құқықтық жауапкершілікке ұласқан.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары