«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Қырғызстан президенті даулы видеодан кейін Ош облысының басшысын қызметінен босатты

Қырғызстан президенті даулы видеодан кейін Ош облысының басшысын қызметінен босатты

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров бұған дейін әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін Ош облысының басшысын қызметінен босатты, - деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

"Садыр Жапаровтың тапсырмасы бойынша Ош облысы басшылығының қызметін тексеру үшін тиісті комиссия құрылып, нәтижесінде заңбұзушылықтар анықталды. Сондықтан бірқатар басшыларды қызметінен босату туралы ұсыныс енгізілді", - деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Қырғызстан Президентінің өкімі бойынша, қызметінен босатылды:

  • Президенттің Ош облысындағы өкілетті өкілі Зиядин Жамалдинов;

  • Президенттің Ош облысындағы өкілетті өкілінің орынбасары Данияр Жанықұлов;

  • мемлекеттік әкімшілік басшысы – Ош облысы Қара-Су ауданының әкімі Тұрысбек Ноғоев.


Эльчибек Жантаев Президенттің Ош облысындағы өкілетті өкілі болып тағайындалды.

Басылым мәліметінше, бұған дейін әлеуметтік желілерде Президенттің Ош облысындағы өкілінің орынбасары Данияр Жанықұловтың пара алып жатқаны туралы видео тараған. Бұл кадрларда Қара-Су ауданының әкімі Тұрысбек Ноғоев та бар.

Автор
Еркебұлан