Қоғам

Қырғыз азаматы әкесіне арнап 14 мың түп ағаш отырғызды

Қырғыз азаматы әкесіне арнап 14 мың түп ағаш отырғызды

Қырғыз азаматы Исражидин Зарипов Кегеті шатқалында «Жашыл Дем» атты ауқымды экологиялық фестиваль өткізді, деп хабарлайды Kznews.kz порталы.

 Шараның басты мақсаты — табиғатты қорғау мен жасыл аймақтарды көбейту. Фестиваль аясында 300-ден астам белсенді 14 мыңнан астам ағаш көшетін отырғызды.

Исражидин Зариповтың айтуынша, бұл бастама әкесінің қайтыс болғаннан кейін пайда болған бала күнгі арманымен байланысты.

«Бала күнімнен үлкен орман отырғызуды армандадым. Әкем өмірден өткен соң, сол арманды орындауды мақсат еттім. Сонымен бірге, астанадағы түтін мәселесі мені қатты толғандырады», - дейді ол.

Белсенді мұндай акцияны алғаш рет биыл көктемде өткізген. Сол кезде шамамен жүз адам жиналып, мың қарағай көшетін еккен. Бұл жолы ол қатысушылар санын ұлғайтып, ағаш түрлерін көбейтті: 8 500 лиственница, 4 000 ақ қайың және 1 500 тянь-шань шыршасы отырғызылды.

Зариповтың айтуынша, бұл ағаш түрлері Кегеті шатқалының табиғи жағдайына жақсы бейімделген. Мұнда топырақ құнарлы, ылғал жеткілікті болғандықтан, суару қажет емес.

Фестивальге блогерлер, студенттер, қоғам белсенділері және экологияға бейжай қарамайтын тұрғындар қатысты.

Кегеті орман шаруашылығының қызметкерлері көшеттердің дұрыс отырғызылуын бақылап отырды. Мамандардың айтуынша, шатқалдағы топырақ минералдарға бай болғандықтан, отырғызылған көшеттердің шамамен 70 пайызы өсіп кетеді.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz