"20 млн теңгеден сәл асады": Энергетика министрі табысы қанша екенін айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Қылқындырып тіл шығару деген қандай ырым": Баланы шикі өңешпен буындырған видео қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

"Қылқындырып тіл шығару деген қандай ырым": Баланы шикі өңешпен буындырған видео қызу талқыға түсті (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде кішкентай баланы жылатып, қылқындырып жатқан видео тарады. 

Бұл туралы kznews.kz сайты caravan.kz медиа порталына сілтеме жасап хабарлайды.

"Ем қонып тілі тас жарсын" деген ырыммен видео тарап кетті.

Видеода мал сойылып, малдың өңешімен (оқырмандардың жазуы бойынша), шамамаен 2-3 жасар баланың тілі шықсын деген ырыммен қылқындырып жатқаны түсірілген.

Бұл ырым сөйлемей жүрген бала, сөйлеп кетеді-мыс. Кейбір оқырманадар оны шикі ішек дегенді айтуда.

"Тілі шықпай жүрген балаға нағашылары қойдың қызыл өңешімен жасайтын ырымы", "Ем болсын. Тілі сайрап кетсін", "Қазақтың ежелден келе жатқан дәстүріне ешкім ештеңе айтпасыншы", "Алла осындай ширктен сақтай гөр!", "Байқамай өлтіріп алса ше?", "Қылқындырып тіл шығару деген қандай ырым бұл", "Жабайылықты қойып, лор дәрігерге бару керек қой", – деген сынды түрлі пікір жазды оқырмандар.

Автор
Нұрсұлтан