Әйгілі ақын Мұхтар Шахановтың жары Ханшайым Шаханова олардың алғаш танысқан сәтін еске алып, әсерлі естелігін бөлісті, деп хабарлайды kznews.kz.
Оның айтуынша, анасы кезінде оған үлкен тұлғаның жары болудың жауапкершілігін ескерткен.
"Анам айтып отырушы еді, "Сен үлкен тұлғаның жары болдың. Енді көргенді көрме, естігенді естіме. Мұндай тұлғаға жар болу оңай емес" деп. Мұхаңмен танысқаным әлі есімде. Есіктен кірсем, өлең жазып отыр екен. Табалдырықта аяғым шалынып кетіп, құлап, осы кісіні құшақтап алыппын ғой. Ол кісі маған едірейіп қараған болатын. Содан дастарқанда қасында отырғанымда, табағыма жемістер аршып салып, үйіп тамақ салып берді. Өзімнің қарным ашып келген болатын. Бірақ қолым дірілдеп сол тамақтың ешбірін жей алмадым", – дейді Ханшайым Шаханова.