Нұрсұлтан Назарбаев Құрылтай сайлауына өз үйінде дауыс берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Құрылтайға қай партиялар өтіп, қанша мандат иеленуі мүмкін?

Құрылтайға қай партиялар өтіп, қанша мандат иеленуі мүмкін?
Фото: ашық дереккөздерден

Бұған дейін Құрылтай сайлауының exit poll нәтижесі жария болғанын хабарлағанбыз.

Болжамды деректер бойынша "Әділет" партиясы 70,7 пайыз дауыс жинап, айқын көш бастаған. Ал екінші орында "Ауыл" партиясы тұр, сенім кредиті 6,4 пайызды құраған. Әзірге бұл екі партияның дауыс алудағы айырмасы 64,3 пайыз шамасында тұр.

Жалпы, алдын ала дерек бойынша 5 пайыздық межеден бес партия өтуі мүмкін. Атап айтқанда, "Әділет" партиясы - 70,7 пайыз, "Ауыл" партиясы - 6,4 пайыз, Respublica партиясы - 5,5 пайыз, "Ақ жол" партиясы - 5,4 пайыз және ЖСДП - 5,0 пайыз жинады.

Егер осы нәтиже расталса, Құрылтайдағы 145 мандаттың шамамен 110 орыны "Әділет" партиясына, 10 орыны "Ауыл" партиясына, 9 орыны Respublica партиясына бөлінетін болады. Және қалған 16 орынды "Ақ жол" партиясынмен ЖСДП 8 мандаттан бөлісуі әбден мүмкін.

Алайда, бұл болжамдағы негізгі тәуекел 5 пайыздық межеге жақын партияларға қатысты. Яғни, exit poll сауалнамасындағы ±1,5 пайыздық қателік шегін ескерсек, ЖСДП көрсеткен нақты нәтиже 3,5–6,5 пайыз аралығында құбылуы да ықтимал. Сондықтан, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының Құрылтайға өту мүмкіндігі әзірге түпкілікті анықталған жоқ деуге болады.

Мұнан бөлек, exit poll нәтижесіне сәйкес "Қазақстан Халық партиясы" 3,2 пайыз және "Байтақ" партиясы 1,2 пайыз дауыс жинаған. Бұл көрсеткіштер оларды 5 пайыздық межеден өте алмағанын меңзейді.

Жалпы, exit poll нәтижесі "Әділет" партиясының Құрылтайдағы айқын басымдығын көрсетіп отыр.

Дегенмен, жаңа Құрылтайдың нақты саяси құрамы мен мандат саны Орталық сайлау комиссиясының ресми қорытындысы жарияланғаннан кейін белгілі болады.

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.