Құрылтай депутаттарын сайлау аяқталғаннан кейін «Социс-А» кешенді әлеуметтік зерттеулер институты сайлаудың алдын ала нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Әлеуметтанушылар азаматтардың дауыс беру нәтижесін анықтау үшін Қазақстандағы 200 сайлау учаскесіненшыққан сайлаушылар арасында сауалнама өткізген.
Экзитпол қорытындысына сәйкес, партиялар жинаған дауыстардың үлесі мынадай:
- «Әділет» партиясы – 70,7%
- «Ауыл» партиясы – 6,4%
- Respublica – 5,5%
- «Ақ жол» демократиялық партиясы – 5,4%
- Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 5,0%
- Қазақстан Халық партиясы – 3,2%
- «Байтақ» жасылдар партиясы – 1,2%
- «Барлығына қарсымын» – 2,6%
Зерттеу деректерінің социологиялық қателік шегі ±1,5 пайызды құрайды.
Сондай-ақ Құрылтай сайлауындағы тағы екі экзитполдың нәтижесі белгілі болды. Сауалнама нәтижесіне сәйкес, бес партия 5 пайыздық межеден өтіп отыр.
Еуразиялық интеграция институтының экзитполы:
🔹 «Әділет» – 71,8%
🔹 «Ауыл» – 6,4%
🔹 Respublica – 5,4%
🔹 ЖСДП – 5,2%
🔹 «Ақ жол» – 5,1%
🔹 Қазақстан Халық партиясы – 3%
🔹 «Байтақ» – 1%
🔹 «Бәріне қарсымын» – 2,1%
Қоғамдық саясат институтының экзитполы:
🔹 «Әділет» – 72,3%
🔹 «Ауыл» – 6,2%
🔹 Respublica – 5,2%
🔹 «Ақ жол» – 5,1%
🔹 ЖСДП – 5%
🔹 Қазақстан Халық партиясы – 2,8%
🔹 «Байтақ» – 0,9%
🔹 «Бәріне қарсымын» – 2,5%
Айта кетейік, бұл – экзитпол негізінде жасалған алдын ала нәтиже. Партиялардың нақты алған дауысы Орталық сайлау комиссиясы сайлау бюллетеньдерін толық санап, ресми қорытындыны жариялағаннан кейін белгілі болады.