Сәтбаевта Кеншілер мен байытушылар күніне орай үлкен мерекелік концерт өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Құрылтайда журналистерге жаңа тәртіп: депутаттарды дәлізде «ұстауға» болмайды

Құрылтайда журналистерге жаңа тәртіп: депутаттарды дәлізде «ұстауға» болмайды
Ulysmedia.kz коллажы

Құрылтай отырысы аяқталғаннан кейін журналистер депутаттарға холлда еркін барып, сұрақ қоя алмайтын болады. Енді БАҚ өкілдеріне сауалдарын арнайы пресс-орталықта қою ұсынылып отыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Бұл өзгеріске Құрылтай аппараты басшысының орынбасары Болат Кальянбеков түсініктеме берді. Оның айтуынша, журналистердің депутаттарға қолжетімділігіне қатысты жаңа тәртіп Құрылтай бюросының шешіміне байланысты енгізіліп жатыр.

Бұған дейін журналистер Құрылтайдың қатарынан екінші отырысында депутаттарға еркін жолыға алмағанына наразылық білдірген.

Кальянбековтің айтуынша, алдағы уақытта журналистер депутаттарға сұрақтарын тек баспасөз орталығында қояды.

«Журналистер енді депутаттарға сұрақтарын тек баспасөз орталығында қояды. Бұл өзгеріс қолданыстағы аккредиттеу ережелеріне сәйкес енгізіліп отыр», – деді ол.

Құрылтай аппараты өкілінің түсіндіруінше, қолданыстағы аккредиттеу тәртібі мемлекеттік органға журналистердің депутаттармен жұмыс істейтін орнын өз бетінше белгілеуге мүмкіндік береді.

Жаңа формат бойынша журналистермен байланыс тәртібін өзгерту жоспарланып отыр. Талқыланып жатқан нұсқаға сәйкес, брифингтерге жекелеген депутаттар мен министрлер шығып, журналистердің нақты заң жобалары мен өз салаларына қатысты сұрақтарына жауап береді.

Яғни, БАҚ өкілдері депутаттармен дәлізде кездейсоқ жолығып, жедел пікір ала алмайды. Оның орнына коммуникация алдын ала ұйымдастырылған брифингтер арқылы жүргізілмек.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі