KZNEWS.KZ
Саясат

Құрылтай Төрағасының үш орынбасары және сегіз комитеттің басшылары сайланды

Асқар Алтайұлы
Фото: видеодан скриншот

Құрылтай депутаттары Төраға Айбек Дәдебайдың орынбасарларын және сегіз тұрақты комитеттің басшыларын сайлады, деп хабарлайды kznews.kz.

«Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 11-бабына сәйкес, Айбек Дәдебай орынбасар лауазымдарына Нұрлан Бекназаровтың, Дания Еспаеваның және Динара Зәкиеваның кандидатураларын ұсынды.

Ашық дауыс беру нәтижесінде депутаттар Құрылтай Төрағасының ұсынысын қолдады.

Сонымен қатар Құрылтай құрамында сегіз тұрақты комитет құрылып, олардың төрағалары сайланды:

Серік Егізбаев – Аграрлық мәселелер, экология және табиғи ресурстар комитеті;

Үнзила Шапақ – Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитеті;

Марат Қожаев – Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті;

Әмірбек Оспанбеков – Өңірлік және инфрақұрылымдық даму комитеті;

Асхат Аймағамбетов – Әлеуметтік-мәдени даму комитеті;

Ольга Перепечина – Қаржы және бюджет комитеті;

Дархан Ахмедиев – Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитеті;

Наталья Годунова – Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитеті.

Осылайша, Құрылтай басшылығы жасақталып, негізгі бағыттар бойынша жұмыс істейтін тұрақты комитеттердің құрылымы айқындалды.

Асқар Алтайұлы
Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.
Автордың басқа материалдары →