Ол есту қабілеті бұзылған такси жүргізушісінің көлігіне мініп, оны рұқсатсыз видеоға түсіріп, контент жасаған. Бейнежазбада блогер жүргізушімен сөйлеспей, оның әрекеттерін келемеждеп, дауыстап айтып отырған. Кадрда оның кішкентай баласы да болған.
Желі қолданушылары мұндай әрекетті қатыгездік пен құрметсіздік деп бағалады. Олар блогердің мүгедектігі бар адамның еңбегін елемей, оны “контент үшін пайдаланғанын” сынға алды.
Kazaxar есімді қолданушы:
“Бұл — күнделікті, бірақ жүрекке жара салатын қатыгездік. Мұндай әрекетке жол беруге болмайды”, — деп жазды.
Кейін Нұрила Аманбаева өз парақшасында кешірім сұрағандай видео жариялады, бірақ оқырмандар оның сөзі шынайы емес деп сынады. Ол Threads желісін айыптап, өзін ақтауға тырысқан.
Блогер кейін бейнежазбаны әзіл ретінде түсіргенін, ешкімді ренжітуді мақсат етпегенін айтты.
“Видео жарияланғаннан кейін оның мазмұны қорлайтын сипатта екенін түсіндім. Бұл — ойланбай жасаған қателік, қатты өкінемін”, — деді ол.