KZNews.kz
Шоу-бизнес

Құралай Анарбекова блогер NNN-ге тұрмысқа шыға ма?

Torgyn Abushakhman

Танымал актриса әрі продюсер Құралай Анарбекова тұрмысқа шығатынын ресми түрде растады. Бұл сүйінші хабарды тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды Kznews.kz порталы.

Желі қолданушылары Құралайдың жүрегін жаулаған жігіттің кім екенін білуге құмар. Кейбірі белгілі тұлға NNN-ге болжау жасаған. Алайда Сұлтанқызы мұны жоққа шығарып, «Құрдастар» деген сөзімен болашақ жардың Құралаймен шамалас екенін меңзеді.

Айта кетейік, 36 жастағы актрисаның өзінен жасы кіші блогермен кездесіп жүргені туралы қауесет бұған дейін тараған еді. Дегенмен бұл ақпарат әзірге ресми расталмаған.

Құралай Анарбекова – соңғы жылдары отандық кинода ғана емес, продюсерлік салада да белсенділік танытып жүрген шығармашылық тұлға.

Torgyn Abushakhman
Автордың басқа материалдары