Әлеуметтік желіде әнші Мақпал Жүнісованың марқұм саясаткер Заманбек Нұрқаділовтің бұрынғы әйелі туралы айтқан даулы пікірі қайта тарады, деп хабарлайды kznews.kz Sn.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл жазбаға саясаткердің қызы Құралай Нұрқаділова да жауап берген.
Желіде тараған скриншотқа қарағанда, Мақпал Жүнісова оқырманының сұрағына жауап бере отырып, Нұрқаділовтің бірінші әйелі мен оның жеке өміріне қатысты бірқатар мәлімдеме жасаған. Әнші өз жазбасында бұл отбасының өткеніне байланысты өз нұсқасын айтқан.
Алайда бұл сөздер әлеуметтік желіде үлкен пікірталас туғызды. Құралай Нұрқаділова анасына қатысты айтылған пікірмен келіспейтінін білдіріп, Мақпал Жүнісованың жазбасына ашулы жауап берген.
«Тіпті ұяты жоқ ол әйелдің. Үндемей жүруге тырысасың. Бірақ үндемей қалу мүмкін емес. Анам сонша жыл үндемей келді. Жазғаны дұрыс емес. Ол менімен ойнап жүр. Менің мінезімді біледі. Ашуланып кетуім мүмкін. Бекер істеді», – деген Құралай Нұрқаділова.
Мақпал Жүнісова мен Құралай Нұрқаділованың арасында бұрыннан бері түсініспеушілік бар екені бұған дейін де ақпарат құралдарында жазылған. Биыл қаңтарда Құралай Нұрқаділова әншімен араласпайтынын айтып, бұл шешімінің өзіндік себептері бар екенін мәлімдеген.