KZNews.kz
Жаңалықтар

Құндыздың журналист Руслан Өтепбай туралы сөзі желіні дүр сілкіндірді

Дархан Тоқан
Фото: Ашық дереккөзі

Әлеуметтік желіде 17 жыл құлдықта өмір сүрген Құндыздың журналист Руслан Өтепбайға қатысты бейәдеп сөздер айтып, қоқан-лоқы көрсеткен видеосы тарап, көпшіліктің жағасын ұстатты, деп хабарлайды Kznews.kz.

Видеода Құндыздың “Мен оны пышақтап өлтірем, маған жақсылық жасамай-ақ қойсын” деген сөзі естіледі. Сондай-ақ ол боғауыз сөздер айтып, журналистің атына ауыр сөздер келтіргені айтылып жатыр.

Желі қолданушылары бұл әрекетті түсінбей, түрлі пікір қалдырған. Олардың бір бөлігі: “Руслан осылар үшін шыр-пыр болып жүрсе”, “Жуас шығар деп ойласам”, “Мына сөздерді біреу жаттатып қойған”, “Ішіп алған ба”, – деп жазуда.

Айта кетейік, осыған дейін желіде Құндыздың аяқ-қолы байлаулы күйде жерде қимылсыз жатқан суреті тарап, қоғам назарын тағы да осы іске аудартқанын жазған едік. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін журналист Руслан Өтепбай Таразға барып, зерттеу жүргізген болатын.

Дархан Тоқан
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →