Құндыз бен Назгүлдің бұрынғы қамқоршысы Зулфия Төленоваға қатысты қылмыстық іс бойынша сот үкімі шықты. Бұл туралы журналист Руслан Өтепбай мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.
Оның айтуынша, жыл басында Төленоваға қатысты қылмыстық іс қозғалып, кейін сотқа жолданған. Бірінші сатыдағы сот Зулфия Төленованы 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған.
Алайда сотталушы үкіммен келіспей, апелляциялық шағым түсірген. Апелляциялық сот отырысы алдағы күндері өтеді. Осыған байланысты іс бойынша түпкілікті шешім апелляциялық сот қарауынан кейін белгілі болады.
Руслан Өтепбайдың мәліметінше, Құндыз бен Назгүл қазір Тараз қаласындағы арнайы орталықта тәрбиеленіп жатыр. Апалы-сіңлілердің жағдайы бірқалыпты, көңіл-күйлері жақсы.
Іске қатысты қосымша мәлімет апелляциялық сот шешімі шыққаннан кейін белгілі болады.