Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ақтөбелік мұғалім қала тұрғынын өлім аузынан арашалап қалды

Ақтөбелік мұғалім қала тұрғынын өлім аузынан арашалап қалды

Автобуста жолаушылардың бірі эпилепсия ауруы ұстап талып қалады.

Назарбаев Зияткерлік мектебінің мұғалімі Дастан Назаров қоғамдық көлікте жолаушыны ажалдан арашалап алған, деп хабарлайды Aktobenews.kz тілшісі.

Автобуста жолаушылардың бірі эпилепсия ауруы ұстап талып қалады. Сол сәтте Дастан алғашқы көмек көрсеткен. Жедел жәрдемді де шақырып, науқастың жақындарын да хабардар еткен. Дәрігерлер болса науқас ер адамға алғашқы көмек дер кезінде әрі дұрыс көрсетілгенін жеткізді.

«Осыған дейін де эпилепсия сырқатына шалдыққан адамға көмектескенім бар еді. Білгенімді қолданып, адам өмірін сақтап қалғаныма қуаныштымын, — дейді ұстаз.

Оқу орнында жоспарлы түрде алғашқы медициналық көмек көрсетуге қатысты семинарлар, шеберлік сағаттары тұрақты өтіп тұратынын айтқан Дастан Назаров Назарбаев Зияткерлік мектебінде химия пәнінен сабақ береді.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Автор
Арман