Бұқара мен банктер: несие портфелі 40,2 трлн теңгеге жетті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Құлыбаева мен Назарбаева көш бастады: Елдегі ең бай 25 әйелдің тізімі шықты

Құлыбаева мен Назарбаева көш бастады: Елдегі ең бай 25 әйелдің тізімі шықты
Ашық дереккөз

Forbes Women Kazakhstan Қазақстандағы ең бай 25 әйелдің алғашқы рейтингін жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Басылым дерегінше, тізімге енген 25 әйелдің жиынтық капиталы 8,1 млрд долларды құрайды.

Рейтингте бірінші орынға 5,4 млрд доллармен Динара Құлыбаева шықты. Екінші сатыға 650 млн доллармен Мұқадасхан Ибрагимова жайғасса, үздік үштікті 550 млн доллармен Дариға Назарбаева түйіндеді. Содан кейінгі орындарға Анжела Сәрсенова, Айжан Есім және Айдан Сүлейменова енген. 

Forbes.kz сайтындағы рейтингтер бөлімінде 2026 жылғы 9 сәуірде жарияланған материал Forbes Women Kazakhstan-тың елдегі ауқатты әйелдерге арналған алғашқы тізімі екені көрсетілген.

Бұған дейін Forbes Kazakhstan-ның 2025 жылғы ең бай бизнесмендер рейтингінде Динара Құлыбаева 5,3 млрд доллармен төртінші орынға орналастырылған болатын. Бұл оның капитал көлемі жаңа жарияланған тізімде тағы өскенін аңғартады.

Автор
Азамат Қойшығара

М.Х.Дулати атындағы ТарМУ түлегі. Журналистика саласында 16 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері - kznews.kz сайтының тілшісі.