Көршілер бірнеше рет ескерткен: Ақтауда екі жасар бала көз жұмды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Құлақ себепсіз шыңылдайды: Ғалымдар коронавирустың тағы бір белгісін атады

Құлақ себепсіз шыңылдайды: Ғалымдар коронавирустың тағы бір белгісін атады

Шетелдік ғалымдар коронавирустың адамның есту қабілетіне әсері туралы зерттеуінің нәтижесін бөлісті, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.

Лондон колледжі мен Корольдік ұлттық комитеттің ғалымдары коронавируспен ауыратын науқастарға ортақ тағы бір белгіні байқағандарын айтты: ол белгі - тиннитус, яғни құлақтың ешқандай себепсіз шыңылдауы немесе шуылдауы.

Бұл ретте, кейбір науқастарда әлгі симптом мен ковидтің ауыр түрі қосылған кезде есту қабілетінің толық жоғалуына әкеп соқтырған. Құлақтың есту қабілетін қалпына келтіруге бола ма, жоқ па бұл жағы әлі белгісіз.

Ғалымдар коронавирусқа шалдыққан адамдарды оны емдеу үшін алдын алу шаралары мақсатында, бұл симптомға назар аударуға шақырып отыр.

Автор
Еркебұлан