"Некеге мәжбүрлеу – қылмыс" – Тоқаев Ішкі істер министріне тапсырма берді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Құдай сақтады!" – Семейде “Bala park” ойын-сауық орталығында алапат өрт тұтанды (видео)

"Құдай сақтады!" – Семейде “Bala park” ойын-сауық орталығында алапат өрт тұтанды (видео)
Фото: видеоскрин

Семейде “Bala park” ойын-сауық орталығында өрт тұтанды, деп хабарлайды kznews.kz.

Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар келемін дегенше орталықтың қонақтары мен қызметкерлері ғимараттан өз еркімен шықты. Оқиға орнында 120 құтқарушы қызметкер мен 21 техника жұмылдырылды.

Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккендер жоқ. Алайда  медициналық көмекке 6 адам жүгінді. Бір ер азаматты ауруханаға жатқызды, қалғандарын үйлеріне босатты.

Қазіргі уақытта өрт толықтай өшірілді. Ғимараттың ішіндегі қосымша қабаттың жабыны құлады.

Әлеуметтік желіде оқиға орнынан балалардың даусы шыққан үрейлі видеолар тарады. Асыққан ата-ана мен, баланың үрейлі жүзі барлығын алаңдатып қойды. Десе де құтқарушылар өртті өшіргенін хабарлап, ешкімнің жарақан алмағанын айтты. "Құдай сақтады!" деп осындайда айтуға болады.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.