Танымал әнші Қайрат Нұртастың әкесі Нұртас Айдарбеков әлеуметтік желідегі парақшасында кенже келіні Идирамды туған күнімен құттықтап, жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды Sn.kz.
«Еее құдай берген өзі ерке, өзі кенже келінім Идирамның дүние есігін ашқан күн, Алла ғұмыр берсін өзіне және отбасына!» — деп жазды Нұртас Айдарбеков.
Жазба көпшіліктің көңілінен шығып, желі қолданушылары қайын ата мен келін арасындағы сыйластықты ерекше атап өтті. Оқырмандар «керемет қайын ата», «үлгі болатын отбасы», «келіндеріне құрметі бөлек екен» деген сарында жылы лебіздерін жаудырып, Идирамға ұзақ ғұмыр тіледі.