Біздің Президент қандай адам?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Әлемдік басшылар Тоқаевты туған күнімен құттықтады

Әлемдік басшылар Тоқаевты туған күнімен құттықтады
Фото: ашық деркккөзден

17 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев 73 жасқатолды. Президенттің туған күніне орай басқа елдер мен халықаралық ұйымдардың басшылары құттықтаулар жолдап жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына мемлекет және үкімет басшыларынан, халықаралық ұйымдардың өкілдерінен және дипломатиялық миссиялардан құттықтаулар келді.

Мемлекет басшысына құттықтау жеделхаттарын жібергендер:

Ресей президенті Владимир Путин,

Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин,

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев,

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров,

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон,

Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов,

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев,

Беларусь президенті Александр Лукашенко,

Армения президенті Ваагн Хачатурян,

Армения премьер-министрі Никол Пашинян,

БАӘ президенті Шейх Мұхаммед бен Заид Әл Нахайян,

БАӘ вице-президенті, премьер-министрі, Дубай билеушісі Шейх Мұхаммед бен Рашид Әл Мактум,

Катар әмірі Шейх Тамим бен Хамад Әл Тани,

Италия президенті Серджио Маттарелла,

Сербия президенті Александр Вучич,

Молдова президенті Майя Санду,

Словакия президенті Петер Пеллегрини,

Словения Президенті Наташа Пирц-Мусар,

Корея Республикасының президенті Ли Чжэ Мён,

Мьянма президенті Мин Аун Хлайн,

Палестина президенті Махмуд Аббас,

ТМД Бас хатшысы Сергей Лебедев және басқалары.

"Еліміздің көрнекті саяси және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері және азаматтары да президентке ізгі тілектерін жолдады. Құттықтау жеделхаттары әлі де келіп жатыр", – деп нақтылады Ақорданың баспасөз қызметі.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.